Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Алмалы ауданының коммуналдық қызметтері көшелерді қардан тазалауда


20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні Алматы қаласында 15 см қар, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда 20 см қар жауды. Алмалы ауданындағы көшелерді қардан тазалау үшін өткен түнде 90-нан астам арнайы техника мен 350 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 820 текше метр қар шығарылды. Жол төсемін себу үшін 11 тоннаға жуық реагенттер қолданылды.



Сондай-ақ, пайдаланылған техника мен мердігерлік ұйымның қызметкерлері қар мен 21 ақпан күні қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.



Жоспар бойынша жол төсемдерін толық тазалау таңғы автомобиль тығындары аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Жол жиектерінен және жету қиын жерлерден қарды жаппай шығару түнгі кезеңде 21 ақпаннан 22 ақпанға дейін жүргізілді.



Қазіргі уақытта ауданның барлық магистральды көшелерінің жол төсемі ашық, саябақтар мен скверлердің жолдары сыпырылды, екінші дәрежелі көшелерде жұмыс жалғасуда, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, "қалталарды"тұрақ орындарын тазалауға ерекше назар аударылады. Ауданның 75-ке жуық техника мен 350 мердігер ұйымының қызметкерлері жұмылдырылды.







Осыған байланысты қала тұрғындарын қарды тазалау бойынша коммуналдық қызметтердің жұмысына түсіністікпен қарап, жол жиегіндегі жеке автокөліктерді тұрақтамауыңызды сұраймыз.


22.02.2019