2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2020

Құрметті аудан тұрғындары!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! 
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың белгісі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Өкінішке орай, биыл төл мерекеміз бүкіл әлемді дүрбелеңге салған қатерлі кезеңмен тұспа-тұс келді. Ең бастысы өз денсаулықтарыңызды күтіп, сын кезеңде шыдамды болғайсыздар. «Сабыр түбі – сары алтын» деп дана халқымыз айтқандай, жаңа жылымыз, әрбір жаңа күніміз қуаныш пен шаттыққа, берекеге толы болсын!


22.03.2020