Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2017

Алмалы ауданы әкімі аппаратында аудан активінің жиналысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында аудан активінің жиналысы өтті.



Іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ардагерлер, аудандық құрылымдар мен мекемелердің басшылары, білім, денсаулық сақтау салаларының мамандары, мәдениет саласының өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері, жастар ұйымы және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Шара барысында Қалалық мәслихат депутаты, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Әмірханов, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы баяндама жасады. Баяндамашылар Президентіміздің аталған мақаласын жан-жақты жүзеге асыруда бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет екенін атап өтті. 



Сонымен қатар, Елбасы өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің тұжырымын жасады.
Бұл мақаланың ерекшелігі сол - ұлт болып табысқа жетудің жолдарын көрсете отырып, кәсібилікті арттырып білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, мәдениетіміз бен ұлттық санамызды заман талабына сай жаңғыртуға шақырады.






22.04.2017