Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2016

Алмалы ауданында орыс тілі мен мәдениетін жетік білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Ой-сана» орыс тілі білгірлері байқауы ұйымдастырылды


Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолдану  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және аудан әкімдігінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппараты қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің аудандық байқауын  өткізді. 



Байқаудың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, ұлт бірлігін нығайту, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтау, орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау. 
Байқауға қатысушылар. Байқауға 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқау орыс тілінде өтті. 
Байқаудың шарттары.  Байқау 4 кезеңнен тұрды: 
І.«Білім бедері» – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған 60 тест тапсырмасын орындау (40 минут).
ІІ.«Қалам қарымы» – ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу. Көлемі: 1,5-3 бет (30 минут).
ІІІ.«Ойталқы» – ұяшық ашу арқылы таңдалған тапсырманы ауызша баяндау (суретті сипаттау немесе берілген ақпаратты пайдаланып шағын әңгіме құрау) (3-5 минут).
ІV.«Шабыт шыңы» – өз таңдауы бойынша орыс тілінде ән орындау немесе көркем шығарма үзіндісінен театрландырылған қойылым көрсету (3-5минут). 
Байқадың қорытындысы бойынша 1 –ші орынды С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Базарбай Асқар Әділжанұлы, 2-ші орынды Алматы полиграфиялық колледжінің студенті Талапқызы Инабат, 3- ші орынды Каспий қоғамдық университетінің студенті Жолдыбаева Альбина иеленді. Жүлдегерлер мен қатысушыларға аудан әкімінің атынан грамоталармен алғыс хаттар берілді. Жеңімпаздар қалалық байқауға жолдау алды. 


21.06.2016