Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2016

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен продюсерлерін, блогерлер мен жаңадан бастап келе жатқан вокалистерді бір сахнада MEGA Хит жобасы біріктірді


Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен олардың өнеріне табынушылардан құралған дуэттерден тұратын концерт MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының амфитеатрында өтті. MEGA Хит жобасы Радио MEGA-ның эфирде алғаш хабар тарата бастағанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын. Радиостанция MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының аумағында күн сайын 12 сағат бойы хабар таратады. Радио MEGA эфирінің негізгі контенті – Қазақстан және шетел орындаушыларының әндері.



Радиостанцияның туған күніне орай отандық әртістер –  Luina, Зарина Омарова, Kental, Рүстем Нұржігіт, Алтынбек Тәшімбетов пен Ерлан Орынбасаров өз хиттерін өнеріне табынушыларымен бірге орындау ұсынысын қабыл алды. Байқауға қатысамын деушілер сүйікті әртістерінің әндерін орындап жатқан бейнесұраныстарын жолдаған. Сондай-ақ, олар #‎megahit хэштегімен Instagram-ға жүктелді. Келіп түскен 50-ден астам өтініштердің ішінен әртістер жобаға қатысатын 6 адамды таңдап алды: Юлия Смолянцева, Дина Мырза, Жұматай Манарбек, Ақгүл Жалғасбаева, Әбілхайыр Мадеш және Гүлсезім Тазабек. ‬



«Мен MEGA Хит жобасының қатысушыларына өздерінің сүйікті әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетулері қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Мұндай мүмкіндіктің бар екенінің өзі теңдессіз әрі тамаша», - деп Luina атап өтті. 
Luina мен Юлия Смолянцева «Одна» әнін дуэтте орындады. Юлия Теміртау қаласының тумасы, соңғы жарты жыл көлемінде Алматыда «жанды» топта аянбай еңбек етіп келеді. Жас вокалист өзінің шығармашылық жолын енді ғана бастауда.
 «Музыка әрқашан да менімен бірге. Кейде оның үзінділері сұрақтарға жауап табуға септігін тигізіп жататыны бар. Мен үшін Luina сияқты өз ісінің кәсіби шеберімен дүйім жұрттың алдында өнер көрсету – айтулы арманым еді және ол да орындалды», - деп Юлия Смолянцева сырымен бөлісті. 
Алтынбек Тәшімбетов пен Әбілхайыр Мадеш көрермендердің алдына «Айтшы Жаным» әнін орындап шықты. Ерлан Орынбасаров пен Гүлсезім Тазабек «Ойлама» әнін шырқады. Рүстем Нұржігітпен бірге ән айтқан Ақгүл Жалғасбаева сахнаға алғаш рет көтерілді. Дуэт «Предчувствие любви» әнін орындаған болатын. Ал ең көп өтінім Kental-ға келіп түскен. Байқау жеңімпазы Астаналық Манарбек Жұматаймен бірге ол өзінің «Перизат» атты хитін орындады. Зарина Омарова жобаның концерттік бағдарламасына қатыса алмады. Алайда, «Мисс - Восток» атағы бар Өскемендік қатысушы Дина Мырза абыржымай, өзінің Jet'aime атты сүйікті әнін орындап шықты.  
Бұдан бөлек, MEGA Хит жобасындағы арнайы қонақтар: Domino және Mysterions топтары; этно-рок орындаушы Asem; «Новая волна-2015» ақтық сайыс қатысушысы Ademi; «Үркер» тобының солисті, композитор Айдос Сағат, сондай-ақ телепродюсер, «Наша KZаша» жобасының негізін қалаған Даут Шайхисламов; волонтер, тележүргізуші Адель Оразалинова және блогер Алишер Еликбаев. 



MEGA Alma-Ata амфитеатры сахнасында Айдос Сағатпен бірге «Жаным» әнін дуэтте орындаған Адель Оразалинова қалың көрерменнен продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның сауығып кетуіне тілеулестік білдіруін өтініп сұрап, оған сәттілік тіледі. Даут Шайхисламов пен Ademi «Понимаешь» әнін орындаған. Ал Алишер Еликбаев пен Asem ресейлік «Жуки» ұжымының «Батарейка» атты танымал хитін таңдады.
  
 

«Мен өте қатты қобалжыдым. Asem маған қолдау көрсетті және мен оған толыққанды сенім арттым. Мен әдетте микрофонға сөйлеймін, ал бірақ соншама халықтың алдында алғаш рет ән айттым. Ән айту маған ұнады және барлығы жақсы болды», - деген ойымен Алишер Еликбаев бөлісті.  
Өз кезегінде, Asem танымал қазақстандық блогердің табынушысы екенін, сахнадағы әріптесінің Instagram-дағы парақшасын оқитынын айтты.
«Қасымда ұзын бойлы, сымбатты ер азаматтың ән айтып жатқанынан толқып, сөздерімді ұмытып қалдым. Бірақ, меніңше, барлығы да тамаша өтті. Және біз қаншама жағымды әсерге бөлендік», - деп рок-орындаушы атап өтті.
Asem мен Алишер Еликбаев MEGA көрермендерінің өте ізетті, ілтипатты екенін тілге тиек етіп, шығармашылықтарын ар қарай да бірге жалғастыру туралы ойда қалды. 



Концерттік бағдарламаның соңында MEGA Хит жобасының қатысушылары MEGA сауда ойын-сауық орталығы әріптестерінің алғыс хаттары мен сыйлықтарына ие болды. Байқаудың жеңімпаздарына ұсынылған басты сыйлық – Диана Шарапованың кәсіби студиясында жұлдыздармен бірге әндер жазу мүмкіндігі. 
Естеріңізге сала кетейік, Радио MEGA әндері MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы радиостанциясында жиі шырқалатын сүйікті әртістермен бірге өнер көрсетуге байқау жариялады. 
Үздік байқауға қатысушылар әртістермен дуэтте ән орындап, MEGA Alma-Ata амфитеатры сахнасында өнер көрсетті. 


22.06.2016