Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2017

«Көршілер театры» шығармашылық сенбілік өткізеді


Сенбі күні 2017 жылғы 24 маусымда Дүйсенов/Брусиловский аллеясында сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін Тастақ ауданының тұрғындары үшін «Көршілер театры» жобасынан шығармашылық «еңбек тимблидингі» өтетін болады. Жобаның қатысушылары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер онда жаз бойы түрлі мәдени іс-шаралар: мастер-кластар, лекциялар, кездесулер, спектакльдер, концерттер мен кинокөрсетілімдер, турнирлер және мерекелер мүлдем тегін өткізілетін жазғы сахнаның құрылысына ат салысады.



«Ақырында біз өз сахнамыздың құрылысын салуда мәреге тура жолға тақалдық, — дейді «Көршілер театры» жобасының үйлестірушісі Алеся Нугаева, — осы сенбіде соңғы шегені қағамыз. Мен баршаңызды осы іс-шараға қосылуға және сахна бойынша жұмыстарды аяқтауға көмектесуге шақырамын. Біз не істемекпіз? Сырлаймыз, артқы бөлікті қоямыз, хабарламалар тақтасын жасаймыз. Біз сондай-ақ тұрғындар оның құрылысына азғантай, бірақ төл үлесін қосып, сахнаны «иемденуі» үшін, оларды қатысуға шақырамыз. Бұл іс-шара Тастақ ауданы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығын ұйымдастырудың басы болуға тиіс. Оның мақсаты — тұрғындарды ортақ пайдалы шаруаға қатысушылар ретінде өзара жұмылдыру».
Іс-шара музыка ойнап, дастарқан: сусындар, бауырсақ ұсынылатын мереке ретінде ұйымдастырылады. Сәулетшілер — сахна жобасының авторлары — жергілікті тұрғындармен қоғамдық-мәдени орталық функцияларын көтеруге тиіс сахнаны пайдалану туралы олардың идеяларына қатысты тағы бір сауалнама өткізеді. Сонымен қатар, тұрғындардың мәдени артықшылықтарын анықтау мақсатында менталды карталар форматында қызықты сұрастырулар өткізілетін болады. Олар бұл сахнада қандай іс-шаралар: би сабақтарын, дарындар жәрмеңкесін, шахмат турнирін, рэп-батл көргісі келеді? Қандай фильмдер мен мультфильмдерді көргілері келер еді? Қандай тақырыптар оларды қызықтырады?
Жобаның нысаналы тобы — бұлар, ең алдымен, жасөспірімдер мен жастар. Жоба каникул уақытында қолы бос 200 шақты жасөспірімді театр дәрістері мен басқа да мәдени іс-қимылдарға тікелей қатысушылар ретінде тартуды жоспарлайды; жобаға іс жүзінде қатысатын ықшамауданның 100 шақты белсенді тұрғыны — бұлар, негізінен, бос уақыты жеткілікті жас аналар мен белсенді зейнеткерлер. Шамамен 1000 аудан тұрғыны перфоманстарға көрермендер ретінде қатыса отырып, жобаға жанама түрде тартылатын болады. Қаланың басқа аудандарынан шамамен 5000 тұрғын концерттерге, қойылымдарға келетін, жаңалықтарды бағатын болады. 
Сенбілік үшін материалдарды «Tikkurila» компаниясы берді. «Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасын «Eco Kultura» қоғамдық қоры мен «И.Л.И.» театры іске асырады, «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Біздің байланыс деректеріміз:
«Көршілер театры» әлеуметтік желілерде
www.facebook.com/neighborstheatre
https://vk.com/neighborstheatre
https://www.instagram.com/neighborstheatre
Алеся Нугаева — жобаны үйлестіруші
+77077008258
dvorproject@gmail.com 
Евгения Абкеева — И.Л.И. плейбэк-театрының арт-менеджері
+77771976665
starzhenya@gmail.com 


22.06.2017