Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.07.2016

Алмалы ауданы әкімі аппаратында ПИК қызметі, 2016-2017 ж ҚЖМ дайындығы сұрақтары көтерілген кеңейілген кеңес отырысы өтті


Алмалы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жасұлан Естеновтың төрағалығымен коммуналды қызмет үшін дебиторлық берешекті төлеу,   ауданның тұрғын үйлерінің 2016-2017 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындығы, ПИК жұмысы  деңгейін көтеру сияқты сұрақтары қаралған кеңейтілген кеңес отырысы болып өтті.



Кеңес отырысына  Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы Дюсембеков Қасым Ермкұлы, "Нұр Отан" партиясы Алмалы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы, Алмалы ауданы ІІБ жергілікті полиция басшысыСүлейменов Бегимбек Битимбекұлы, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын инспекция Басқармасының бөлім басшысы Мадалимов Ақбар Ұлықбанұлы қатысты.    
Алматы қаласы Алмалы ауданы қаламыздың орталық бөлігінде орналасқан , онда 206 ПИК, 69-білім беру нысаны, 28- медициналық мекемелер бар. Ауанның тұрғын үй қоры 1385 көпқабатты тұрғын үйлерден  және 3495 жеке жер үйлерден тұрады.
Кеңес отырысы барысында  күн тәртібіне қойылған  2016-2017 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындығы, ПИК жұмысы  деңгейін көтеру,  коммуналды қызмет үшін дебиторлық берешекті төлеу сұрақтары қаралды.  

    

Жиын соңында  аудан әкімімен бірқатар тапсырмалар берілді:
1.ПИК қызметін жақсарту бойынша жұмысшы тобына:
"Нұр Отан"  партиясы аудандық филиалымен  бірлесе пәтер иелігі кооперативі жұмысына бақылау ұйымдастыру.
2. Коммуналды шаруашылық бөлімінің жетекшісі С.Б.Адилбаевке:
ПИК қызметінің 2016-2017 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындығы барысын бақылауға алу, тұрғын үйлердің кондоминиум нысанына  тіркелу жағдайын есепке алып, бақылау жүргізту, Жергілікті полициямен бірге "Қауіпсіз қала" бағдарламасы бойынша аула ішінде бейнекамераларды орнату бойынша жұмыстар атқару (тұрғын үйлер подъезінде барлығы 2900, яғни 51 % бейнекамералар орнатылған).
3. ПИК төрағаларына:
ПИК есептері мен жұмсалған шығындар туралы ақпаратты аудан әкімінің сайтында  уақытылы жариялап отыру, 2016-2017ж.2. қысқы жылыту маусымына дайындық актісін бекітілген кестеге сай алу, тұрғын үй қорын жөндеу жұмыстарын мерзімге сай аяқтау.


21.07.2016