Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.08.2016

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Спорт күніне арналған бұқаралық-мәдени спорттық іс-шара өтті


Жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мақсатында, Алматы қаласының 1000-жылдығына орай Алмалы ауданында «Халықаралық спорт күні» аталып өтті.



Аталмыш іс-шара жаңа спорт алаңының ашылуымен бастау алды. Көптен күткен бұл алаң «Био-комбинат» саябағында орын теуіп, балалардың қуанышына айналды. Бұл жерде кез келген уақытта футбол, баскетбол, воллейбол ойнауға, «уоркаутпен» айналысуға мүмкіндік бар. Жергілікті аумақтың тұрғындары да, жастар да демалыс орталығының көріктендірілгеніне аса ризашылығын білдірді. 



Мерекелік іс-шарада ұлттық спорттық ойындары  мен мини-футболдан демалыс орталықтары арасында жарыстар ұйымдастырылды.    
Жарыста 12-14 жас аралығындағы 8 команда бақ сынасып, жүлделі орындарды иеленді. Мини-футболдан топты жарып «Био-комбинат» аула клубы жеңіске жетті. Екінші орын «Алмалы сарбаздары» аула клубына бұйырды.



Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «қазақша күрес», «арқан тартыс» сайыстары жасөспірімдердің қызығушылығын танытты. Аламанның алдын алып, күресуден Әлжәппаров Абзал жеңіп шықты. Өзге де қатысушылар сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.



Алмалы ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды спортқа кеңінен баулуға барша мүмкіндік жасалып жатыр. Спорт алаңдарының ашылуы – бұл бағытта атқарылып жатқан үлкен қадам. Алдағы уақытта тағы да 5 балалар алаңының ашылуы көзделіп отыр.    


22.08.2016