Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2016

Алмалы ауданында экологиялық онлайн семинары өткізілді


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде  Жаратылыстану факультетінің География және туризм кафедрасы және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Дүниежүзі физикалық география және Геоэкология кафедраларының ұйымдастыруымен «Экологические и социальные последствия глобальных изменений природной среды» атты онлайн-семинар өтті.



Жалпы, бұл ғылыми семинардың мақсаты – табиғи және антропогендік әсерлерден туындаған ғаламдық қоршаған ортаның экологиялық және әлеуметтік өзгерістерінің себеп-салдарын анықтап айқындау. Сондай-ақ, Жер ғаламшарындағы экологиялық дағдарыстық жағдайларды талдап, олардың шығу генезисін анықтап, теріс нәтижелердің болдырмаудың әдіс-тәсілдерін мен қажетті технологияларды талқылап, ұсыну.
Сонымен бірге, жаратылыстану бағытындағы білім алушы студенттер мен магистранттарға аталған семинар білімдерін тереңдетіп, жаңа ұғымдар мен түсініктерді меңгеруге мүмкіндік туғызды. Семинар барысында студенттер мен магистаранттардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейіп, табиғатты ұтымды пайдаланудың және қорғаудың жолдарын меңгерді.
Семинар студенттер мен магистранттардың құралдық, тұлғааралық, жүйелілік және пәндік білімдері, біліктіліктіліктері мен құзіреттіліктерінің жетіліп дамуына мүмкіндік жасады.
Қыздар университетінен семинарға география және туризм кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к, профессор м.а. К. Мамирова, химия кафедрасының меңгерушісі Н. Мырзахметова, профессор-оқытушылар Т. Абишова, Г.Медеуова, Е.Кіршібаев, Т.Шакенова, Н.Карменова, К.Тлеубергенова, Д. Абильмажинова, Т. Секерова және т.б. қатысты.



Онлайн-семинарда Халықаралық географиялық қоғамның мүшесі, география ғылымының кандидаты, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Дүниежүзі физикалық география және геоэкология кафедрасының аға ғылыми қызметкері А.А. Медведков баяндама жасады. А. Медведков Жер планетасы ауа температурасының өзгерістері, мұз жамылғыларының изотоптық жағдайы, экожүйелер мөлшерінің қысқаруы, атмосферада СО2, және СН4 өсуі, озон қабатының жұқаруы, орман ресрустарының кішіреюі, шөл басу проблемасы, жер ресурстарының деградацияға ұшырауы, адамзаттың ауруларға шалдығуы және адам өмірі сапасының нашарлануы сияқты мәселелерге тоқталды. Семинар соңында Мәскеу ғалымы А.Медведковтың баяндамасы мазмұнына сай әртүрлі аспектілі сұрақтар қойылды.



Мысалы, «Арал теңізінің көлемінің кішіреюіне климаттық факторлардың рөлі қандай?», «Кеңес дәуірінде Батыс Сібір өзендерін Қазақстан аумағына қарай бұру жобалары туралы идеяларда ұтымды тұжырым бар ма?», «Қазақстанда География институтының ғалымдары (гляциологтар) Іле Алатау мұздықтарының кішіреюі неліктен», «Қазіргі кезде мемлекеттер арасында кикілжің тудыратын транзиттік өзендер суын пайдалану мәселесі жайы», «Азық-түлік және әлеуметтік мәселелерді шешуде жасыл экономиканың рөлі қандай» сынды мазмұнды сауалдар қойылды.Сонымен бірге, онлайн-семинар соңында География және туризм кафедрасы мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Дүние жүзі физикалық география және геоэкология, экономиклаық және әлеуметтік география кафедраларының 2014 жылғы екі жақты бекітілген меморандум негізінде білім және ғылым бағытындағы жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.




22.11.2016