Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2017

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған семинар-тренинг өтеді


Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде «Жаңартылған бағдарлама бойынша кіріктіріліп оқытудың педагогикалық тәсілдері» тақырыбындағы семинар-тренинг басталды. Аралығында өтетін дәрістерді шетелдік сарапшылар жүргізбек.



«Менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарға отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Назарбаев Университеті ұйымдастырды.
Семинар-тренингтің алғашқы күні грециялық жоғары оқу орнының қызметкері Мэнди Уаткинс Қыздар университетінің профессор-оқытушыларына сөз әрекетінің түрлерін дамытудың тиімді тәсілдері мен оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың жолдары жайында айтты. Сонымен қатар, ол сабақ барысында қолданылатын іс-әрекеттерді мысалдар арқылы түсіндіріп, қатысушыларға өз тәжірибесімен бөлісті. Пәнді кіріктіріп оқытуды жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту әдістерімен таныстырып, критериалды бағалау туралы да мәліметтер берді.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру бағытында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» арнайы бағдарламасы қабылданды. Мақсат – білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамыту.
– Қай кезеңде де ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін, адами қасиетін дамытуға ерекше мән берген. Мұғалім үшін баланың өз ойын толық, ашық әрі еркін жеткізуі үлкен маңызға ие. Осы тұрғыда жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл – уақыт талабынан туындап отыр. Бүгінде білім берудің тың технологиялары жасалып, мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енуде. Аталған әдістер оқушылар мен студенттердің зияткерлік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына игі әсер ететіні сөзсіз, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.
Семинар-тренингке қатысушылар сарапшыларға тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, толық әрі нақты жауап алды.


22.11.2017