Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.12.2017

Алмалы ауданының 2017 жылдың 11 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы


«Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарына Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық үрдісі бойынша 2017 жылдың 11 айлық есебінің баспасөз мәслихаты өтті. 



Бүгінде ауданның 11 айдағы салық түсімі 306,7 млрд. тенгені яғни орындалу үлесі 100%-ды құрап отыр. 2017 жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – 103,7% құрады немесе 105,8 млрд.теңге, негізгі капиталдағы инвестициялар қаңтар-қазан айлары үшін көлемі 123,1% немесе 70,4 млрд.теңгені құрады. 
Орташа айлық жалақы 184 316 теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% жоғары. Одан бөлек, 4148 жұмыс орны құрылды (жоспардың 106,4% ).
«Бизнес жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына 35 кәсіпорын қатысады. (Оның ішінде 30 жоба – субсидиялау бойынша, жалпы сомасы 6,7 млрд. теңге, субсидиялау сомасы 1,2 млрд. теңгені құраса, жалпы сомасы 326 млн.теңгені құрайтын 5 кәсіпорын – кепілдік бойынша, «Даму» АҚ – 33,4 млн.теңг. 851 жұмыс орны құрылды.
«Жібек жолы» бағдарламасы бойынша 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теңгені құрайтын жеңілдік кредитін алды. 
Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ШОБ (МСБ) дамытуға ықпал жасап, салық түсімдерінің 60% -ын қамтамасыз етіп отыр. Ауданда қаңтар-қазан айлары аралығында 27 203 шағын және орта бизнес тіркеуде (2016 жылы олардың саны 25 659 құраған).
Былтырғы жылдан бастап ауданда инвестфорумдар өткізіле басатды. Биылғы жылы 20 маусымда «Алмалы Инвест - 2017» атты II инвестициялық форум өткізілді. Бұл форум ауданның бизнес өкілдері үшін маңызды алаңға айналды және бизнестің дамуы үшін мақсатты әрі тиімді шешімдер қабылдауда негізгі рөл атқарады.
Дат сәулетшісі Ян Гейл жобасы бойынша Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерінде және Астана алаңында жаяу жүргіншілер аймағына түрлендіру жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Биокомбинат», «Сиреневый» саябақтары қайта жөндеуден өткізілді.  Байсеитов, Қарасай батыр, Тастақ ы/ауд. Дүйсенов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймақтары ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ,  ауданда орналасқан 11 саябаққа мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар, тактильді тақталар, мүгедектерге арналған белгілер, жалпы бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Мүмкүндігі шектеулі балаларға арналған 3 инклюзивтік алаңдар құрылды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның заңды тұлғаларды келесі мекен жайлар бойынша аумақтарды көгалдандыру және гүлмен безендіру жұмыстарын атқарды. 
- Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін Абылай хан даңғылының батыс бөлігі; 
- Масанчи көшесі мен Төле би көшесінің қиылысындағы «Сиреневый» саябағында; 
- Абылай хан даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы. Лермонтов атындағы театр аймағы. 
Жалпы ұзындығы 15,7 км болатын 12 мекен-жайда көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы ұзындығы 16,7 км болатын 19 учаскедегі тротуардың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. 
Сондай-ақ ұзындығы 7,8 км. құрайтын арық желілері мен су канализацияларында қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аудандық «Алматы Тазалық» МКМ учаскесі бойынша16 бірлік жаңа техника бөлініп, сатып алынды, және қосымша 300-ге жуық жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Ауданда 206 ПИК, қызмет көрсететін 1 409 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан, сондықтан тұрғын үй қоры үшін үйлерді қарап ұстау бойынша қызметтер маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тұрғын үй қорының қаражаты есебінен 98 кіре беріс, 17 фасад және 3800 ш.м. үйдің шатырлары жөнделді. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үйлерде 559 жалпы жылу есептегіші орнатылған. 
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммунаолық шаруашылығын жетілдіру 2011-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 457 млн.тенге қаражатқа 31 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. (шатыр, фасад, лифттер, инжинерлік желілер, подъездер). 
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 12 312 м. су құбыры мен канализация желілеріне, ұсындығы 13 277,5 м. жылу магистраліне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жыл басынан бері ұзындығы 8 406 п.м. құрайтын қараусыз инженерлік желілер қаланың коммуналдық меншігіне берілді.
88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіліп, келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 
Ауданда «Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында 3 мекен-жай бойынша жұмыстар жасалуда.  
- Төле би көшесінің солтүстік жағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Гоголь көшесінен оңтүстікке және Наурызбай батыр көшесінің батыс жағы. Жоба бойынша балабақша және паркинг құрылысы жоспарланған. Жұмысты «Диал Строй» ЖШС жүргізуде, инвестиция көлемі 37,8 млрд.теңге, құрылыс аумағы 57 мың шаршы метр;
- Жамбыл-Байзақов көшелерінің қиылысында «ВЕК» ЖШС-і  жерасты паркингі бар жалпы аумағы 27 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй салу жұмыстарына дайындықты бастады. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңге.
Аудан аумағында .  30 855 оқушыны қамтитынжаопы 38 мектеп бар. (мемлекеттік мектептерде – 28 668 оқушы, жекеменшік мектептерде 2187 оқушы).
Қалалық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындау бойынша алдынғы орынды алады, 2016-2017 жылы оқу жылы 182 оқушы жеңімпаз атанды. ҰБТ нәтижесі бойынша (108 балл) Алмалы ауданы қала бойынша 1 орынды алды. 
Ауданда мектепке дейінгі мекемеге деген тапшылық бар. Қазіргі уақытта 3 және 6 жас аралығындағы 3086 бала кезекте тұр (оның шамамен 1200-і Алмалы ауданының тұрғындары). 
Ағымдағы жылы мемлекеттік балабақшалар жанынан қосымша 200 орын және 105 балаға арналған тегін мектепке дейінгі дайындық топтар ашылды.  3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 268 баланы қамтитын 20 шағын орталық, ал жыл басынан бері 160 баланы қамтитын 12 шағын орталық ашылды.
Биылғы жылы қазан айында Тілендиев көшесі 215 мекенжайында 160 орынға арналған «Айбала» жекеменшік балабақшасы ашылды. 
Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бизнес-құрылым өкілдері де тартылуда, атап айтқанда мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде Тілендиев көшесі, 49 мекен-жайында 400 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. 
Жалпы сомасы 11 млн. теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 93 отбасы мен 494 адамға көрсетілді. Бұл мекен-жайлық әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын-үй жәрдемақысы.   
Ай сайын 1739 зейнеткер жалпы сомасы 52 млн. 80 мың теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге жалпы сомасы 31 млн.710 мың теңгені құрайтын бір реттік әлеуметтік көмек берілді.
Оңалту орталығында 160 мүгедек бала және 80 мүгедек сауықтырудан өтуде. 519 жалғызілікті азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде.
«Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  - 2017-2020»  және «Алматы қаласын дамыту – 2020» бағдарламалары негізінде 1717 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасына 116 адам, кәсіби оқуға 391 адам, 99 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды. 
Ауданда26 медицина мекемелері қызмет көрсетеді. Барлық медицина мекемелерінде инновациялық технологиялар ендірілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі ота жасалуда.
Сонымен қатар шетелдік мамандар түрлі мастер-кластар өткізуде. 


22.12.2017