Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2015

№128 жалпы білім беру мектебінде Алмалы ауданының үздік взводын анықтау үшін «Ұлан» әскери-спорттық ойынының финалы өтті


ҚР-ң 2012 жылғы 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жақсарту және бастапқы әскери дайындық бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында, № 128 жалпы білім беру мектебі аумағында Алмалы ауданының үздік взводын анықтау үшін «Ұлан» әскери-спорттық ойынының финалы өтті. Жарыс финалына Алмалы ауданындағы 29 мектептің ішінен № 15, 18, 39, 79, 128, 134, 135 мектеп командалары өтті.

№128 жалпы білім беру мектебінде Алмалы ауданының үздік взводын анықтау үшін «Ұлан» әскери-спорттық ойынының финалы өткізілді. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Айнур Бекжанова, Алмалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы - Айдар Мүсірепов, аудандық білім беру бөлімінің бастығы - Гүлнар Айтқұлова сөз сөйледі.

Шара барысында балалар хор әндерін айту, автоматпен 1000 м жугіру, пневматикалық қарудан ату, граната лақтыру, автоматты бұзу, қайта жинау, газ қайтарғыш кию және онымен жүгіру, бинт орау, зембілмен тасмалдау, кедергілер арқылы өту және 500 метрге жүгіру бойынша жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік взвод атағына және 1-ші орынға №79 гимназия, 2-ші орынға №18 гимназия, 3-ші орныға №128 жалпы білім беру мектебі ие болды.

23.04.2015