Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтің тұрғындармен есептік кездесуі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өтті


Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде аудан әкімі Бекқали Торғаевтің №4 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.





Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, Алмалы ауданы № 4 сайлау округі бойынша депутат Федор Константинов, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.





2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиналғандардың алдында есеп бере отырып, Бекқали Нурғалиұлы Алмалы ауданының орталық орналасуын атап өтті.
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына Алмалы ауданы бойынша 15 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде, 14 жоба – қаражаттандыру бойынша, жалпы сомасы 3,7 млрд. теңге, қаражаттандыру сомасы 342 млн. теңге құрады, 1 жоба – кепілдік бойынша, жалпы сомасы 360 млн. теңге, «Даму» АҚ жалпы кепілдендіру сомасы 180 млн. теңге. «Жібек жолы» бағдарламасы аясында 10 кәсіпкер жалпы сомасы 369,5 млн. теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды.



Аудан кәсіпкерлеріне «Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2021»  бағдарламасы шарттарын түсіндіру мақсатында «Даму» АҚ мен екінші деңгейлі банктердің өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. 
Аудан бойынша жалпы сомасы 804 млн. теңге құрайтын 58 жоба екінші деңгейлі банктерде қарастырылуда. Оның ішінде: 41 жоба қаржыландырылды (582,2 млн. теңге), 3 жоба мақұлданды (45 млн. теңге), 11 жобамен жұмыс жүргізілуде (131,8 млн. теңге), 3 жоба қарастырылуда (45 млн. теңге).



2015-2019 жылдарға арналған Алматы қаласының кәсіпкерлікті қолдау (Индустриализация картасы) Картасының 2-ші бесжылдығы аясында Алмалы аудынынан 3 мекеме қатысуда:
1)«АДЗ» АҚ «Негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 240 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік бағдарлама аясында пайыздық төлеммен қаржыландыру бойынша мемлкеттік қолдау көрсетілді. 
2)«Металл пром» АҚ «Жаңа желілер құрылысы, негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады.Инвестиция көлемі 7 млрд. 8 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында Алатау ауданындағы  Индустриялық аймақтан жер телімі бөлінді.
3)«Корпорация Сайман»АҚ «Есептегіш құралдар шығару бойынша зауытты жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 83 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында «Инновациялық технологиялар Паркі» арнайы экономикалық аймағынан жер телімі бөлінді. 


Аудан бойынша 2018 жылы 28 700 шағын және орта бизнес тіркелген (2017 жылы – 27 427), яғни  өткен жылғымен салыстырғанда өсім байқалады.
Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерін ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмалардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың басынан 4112 жұмыс орны құрылды, оның ішінде сауда кәсіпорындарында – 1265,  көлік және байланыс кәсіпорындарында – 245, білім мекемелерінде – 145, денсаулық сақтау мекемелерінде – 15, құрылыс кәсіпорындарында-203,  басқа мекемелерде – 2239. 



2018 жылдың басынан жұмысшы тобы ұйымдаспаған сауданы жою мақсатында 142 рейд жүргізді және 172  ұсақ бөлшек сауда нысаны  бұзылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 204 бабына сәйкес, 1724 хаттама толтырылды.
Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Алмалы ауданының тұрғындары Бекқали Нурғалиұлына өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


23.01.2019