Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2017

Алмалы ауданында Франк Ведекиндтің «Көктемнің оянуы» атты пьесасының тұсаукесері болды


«Неміс драма театры» Франк Ведекиндтің 1891 жылы жазылған пьесасының  түпнұсқалық келбеті мен авторлық туындының түпкі ойын толықтай сақтай отырып, Наташа Дубстың қоюымен өзекті әрі заманауи келбетте өнерсүйер қауымға ұсынды. Сахналау идеясының авторы Марен Пфайффер (Бонн, Германия) болса, режиссерлері: Марен Пфайффер мен Наташа Дубс.



«Көктемнің оянуы» пьесасы біртіндеп қаталдыққа ауысатын жан тебірентерлік аңғырттық пен тік те өткір мейірімділікті керемет қиыстыра білген. Түйсіктің алдындағы құмарлық жеткіншіктерді қайтымсыз әрекеттер жасауға итермелеп, өзіндік табиғатты зерттеудің жазықсыз әрекеті трагедияға жол береді, ал ер жетіп келе жатқан адам үшін барынша табиғи келбет қалыптасқан құндылық жүйесіне арсыз тегеурінге айналады. Бұл оқиғада барлығына: өмірге деген құштарлық пен өлім алдындағы қорқыныш, адал достық пен ақталмайтын зорлыққа, жүйеге тегеурін және дәстүрге көзсіз еру, ашылмаған шындық пен екіжүзді өтірікке орын бар.



«Көктемнің оянуы» - екіжүзді адамгершіліктің қыспағында тастай қатып, қысылған жас жүректің адамгершіліктік азапталуының бейнелеуінің ашықтығын бейнелейді. «Балалар трагедиясы» - өз пьесасының жанрын Франк Ведекинд осылай сипаттады. 1891 жылы ол жарылған бомбаның  әсерін тудырды – автор еш қысылмай, ұятты метафоралармен әспеттемей-ақ сол дәуірдің консервативті неміс қоғамында айтылмайтын нәрсе – жеткіншектердің оянған сезімталдғы туралы айтты.



Бұл оқиға әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ, жеткіншіктердің «балалар қайдан жаралады» деген турадағы ашық әңгімеге қазірге дейін ата-аналар үндемей қалуды, тіпті, бұлбұл мен қырыққабат туралы «ертегіні» айтуды жөн санайды. Қойылым үш тілде: орыс, неміс және қазақ тілдерінде сахналануда.  


23.02.2017