Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Алмалы ауданында «Өнермен өрілген өмір» кітабының өнегесі өтті


Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме және мүсін» кафедрасы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы мен бірлесе отырып жазушы Жұмабай Қайранбаевтың «Өнермен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері аясында дөңгелек үстел өтті.

Жұмабай Қайранбаев бүгінгі күні елімізге танымал жазушы әрі ғалым. Филология саласында ғылым кандидаты. Жазушы аталмыш еңбегін суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор, Қырғыз Ұлттық Көркемсурет Академиясының академигі   өзінің бауыры Жұмақын Қайрамбаевтың өрелі өнері мен өнегелі өмір жолына арнаған. Суретшінің көркем шығармалары еліміздің мұражайларымен қатар шетел қорларында да сақтаулы. Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие шығармашылық тұлға.

Жазушы Жұмабай Қайранбаев көпшілік оқырманға ұсынып отырған кітабында елімізге танымал суретшінің өмір жолын шынайы  қалпында сипаттайды. Өнерді өрге жүзгізіп, өрісін кеңейтетін бірден-бір жағдай  үміт жетелеген толассыз еңбек екені нақты да нанымды деректер аясында автордың өзіне тән  тілдік мәнерімен өрілген. Жұмақын Қайрамбаев шығармашылығына арналған ғұмырнамалық хикаят  өнерді жанына  серік етсем деген әрбір талапты жасқа бағыт сілтер үлгі, ойға бастар өнеге болары хақ. Кітапты оқыған оқырман өнерде жүрген аға буын өкілдерімен танысып, оларға етене жақындай түседі.  

Суретші мен жазушының шығармашылығына қызығушылық танытқан барлық өнер қауымы  қатысып, суретшінің көркем шығармалары жайлы ыстық лебіздерін білдірді.


23.02.2018