2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2020

Алматы полициясы қала көшелеріне дауыс ұлғайтқыш қондырғы орнатылған арнайы көліктер шығарды


Қала тұрғындарын карантин ережелерімен таныстыру үшін Алматы полициясы қала көшелеріне дауыс ұлғайтқыш қондырғы орнатылған бірнеше арнайы көлік шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы Полициясы департаменті осы салаға қатысты мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, дауыс ұлғайтқыш байланыс құралының көмегімен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
 – Сондай-ақ, ірі блок-бекеттерде жеке бастың қауіпсіздік шараларын, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға шақыру, қалаға кіріп-шығу кезінде жүк тасымалдаушы көліктердің қандай құжаттар алып жүру керектігі, карантин кезінде енгізілген ережелерді бұзған жағдайда қандай заңдық жауапкершілік күтіп тұрғаны, сонымен қатар, ақысын берсе жолдан өткізіп беруші тұлғалар туралы да қандай да бір ақпарат білсе, тиісті органдарға қалай хабар беруге болатындығы жайындағы ақпараттар тұрғындарға дауыс күшейткіш құралдары көмегімен хабарлануда, – деді қаланың Полиция департаменті.


23.03.2020