Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2019

Көпбалалы отбасылар арасында «Салауатты отбасым» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік көлік және комуникациялар колледжінің спорт кешенінде көпбалалы отбасылар арасында түрлі спорттық-викториналық ойындардан эстафеталық спартакиада өтті.





Спорттық іс-шара 6 сайыстан тұрып, отбасы мүшелеріңберілген тапсырманы бірлесе орындауға бағытталды. Сонымен қатар, ата-аналардың және балалардың бір-бірімен өзара жарысатын сайыстар да орын алды. 



Аталмыш шараның басты мақсаты отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен балалардың бірлігін нығайту және олардың табандылық қасиеттерін арттыру болып табылады.



Спорттық-викториналық эстафетаға Алмалы ауданының көпбалалы 5 отбасы қатысып, бір-бірімен бақ сынасты. Отбасының біліктілігі мен білімділігін таныта білген «Ережептер отбасы» жүлделі 1 орынды иеленді. Ал 2 орынды «Тұрымбеттер отбасы» иеленсе, 3-орын Абдыкадыровтер отбасына бұйырды. «Коноваловтар отбасы» мен «Оразбектер отбасы» қатысқаны үшін марапатқа ие болды.



Барлық қатысушы отбасылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бастысы бір-бірі үшін мақтан тұтарлық көңіл күйге бөлене білді.


23.04.2019