Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2017

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Бірыңғай қабылдау күні» өткізілді


«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында  көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бірыңғай қабылдау күні» өткізілді. Сұрақтар бойынша Алматы қаласы мәслихаты депутаты Сабина Амангелді, Алмалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Ералиева, «Қазақстан балалары» қоғамдық қоры президенті Гаухар Танашева, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ бас маманы Айкүн Тәжімбетова, Алмалы ауданының білім және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қабылдады. 



Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы мен тегін медициналық қызмет көрсету мәселелері қарастырылды.
Қабылдауға келген барлық азаматтарға тиісті кеңес берілді.



Атап айтқанда, «Қазақстан балалары» қоғамдық қоры президенті Гаухар Танашева жұмыс мәселесі бойынша келген көпбалалы ананың мәселесін қарастырып, жұмыспен қамтамасыз етті. Және «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ бас маманы Айкүн Тәжімбетова қабылдауға келген барлық азаматтарға банктің жинақтау бағдарламаларын түсіндіріп, комиссиясыз депозит ашуға көмектесті.


23.05.2017