2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын сарапшылар талқылауы өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сарапшылар талқылауы болып өтті.



Талқылауға «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, «Қоғамдық жоба» ҚБ басшысы, партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Александр Братенков, «ҮЕҰ кеңесі» төрайымы, Алматы қаласы бойынша «Қоғамдық кеңес» хатшысы, партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Алтынай Кобеева, «Қазақстан балалары» ҚҚ президенті, партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Гаухар Танашева және Алмалы ауданының «Көпбалалы аналар одағы» төрайымының орынбасары Сандуғаш Ерғожаева қатысты. 
«2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын ұсынған болатын.Қазіргі таңда, 2 жыл өткеннен кейін бұл бағдарлама өзінің толықтай сенімділігін, нәтижелілігін көрсеткенін байқап отырмыз. Және осы жыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бастау алды. Бұл бағдарлама – алдыңғы уақыттағы 15 жылда 1,5 млн отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, маңызы зор бағдарлама. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасында тұрғын үй нарығын дамытуға арналған кешенді шаралар бар», - деп айтып өтті «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева.
Жиналыста «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты, бағыттары талқылауға алынды.
Жиналысты қорытындылай келе, Найля Ордабаева: «Бүгінгідей талқылау іс-шарасы қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, олардың уақытында шешілу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді. «Нұрлы жол» бағдарламасы қазақстандықтар үшін маңызды құжат болып табылады, сол себепті де, нұротандықтар бұл бағдарламаның ары қарай жүзеге асуын қадағалайды» - деп өз ойын білдірді.




23.06.2017