Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017

Алмалы ауданында Қазақстандық полицияның 25 жылдығы мен Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің төрағалығымен Қазақстандық полицияның 25 жылдығы мен Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. 



Ауданның үздік полиция қызметкерлеріне марапат қағаздарын ұсына отырып, Жасұлан Тоққожаұлы Алмалы ауданындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп отырған құрылымның маңыздылығына тоқталып өтіп, құқық қорғау органдарына денсаулық, амандық және де олардың күрделі, өте маңызды да қажетті жұмыстарында табыс тіледі. Алмалы ауданы әкімінің  құрмет грамоталарымен полиция подполковнигі Жазира Сембиева; учаскелік инспекторлар – Азамат Ахметов, Елубаев Дәурен, Ерік Қабаев, Асхат Әмірханов, Жолбарыс Жандарбеков, Қалыбаев Бағдат, Тимур Каптағаев, Бақытжан Байжанов, Сабина Мамырханова, Ақжайық Шаяхметова марапатталды. 



Мемлекеттік қызметкерлер күнін тойлау қарсаңында Жасұлан Естенов Алмалы ауданы әкімі аппараты қызметкерлерін де құттықтап, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттің дамуына қосқан үлкен үлесін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметіндегі жоғары этикалық нормаларды қатаң сақтауының маңыздылығын атап өтті. Алмалы ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен: кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Ерден Хайруллин; көріктендіру бөлімінің басшысы Әкімхан Төлеген; әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Ғабит Селеубаев; құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Алишарипов Айбек марапатталды. Сондай-ақ, аудан әкімінің мақтау қағаздарын Алмалы ауданы білім бөлімінің басшысы Берік Байбулов; Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары  Ғабит Байзақов, аудан архитекторы Алмас Жаңбыршы иеленді. 



Одан басқа, Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған   және Алмалы ауданы аппаратында өткен байқауда үш аталым: «Үздік қызметкер», «Үздік тәлімгер», «Үздік басшы» бойынша жеңімпаз атанған қызметкерлерге құттықтау сөз айтылды. «Үздік қызметкер» - персоналды басқару қызметінің бас маманы Сымбат Абитова; «Үздік басшы» - құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Мұратбек Жұмагелдиев; «Үздік тәлімгер» - Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Күлия Әбілқақова атанды. 



Сондай-ақ, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақсұңқар Әбілтаева мен көріктендіру бөлімінің бас маманы  Нұрдаулет Тоқсанбаев, көріктендіру бөлімінің бас маманы НұрдаулетТоқсанбаевтың кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығы айрықша атап өтілді. 
Салтанатты бөлімді қорытындылай отырып, Жасұлан Тоққожаұлы аудан әкімі аппаратының әр қызметкерінің адал еңбегі – Алмалы ауданының ғана емес, Алматы мен бүкіл Қазақстанның гүлденуі мен саулығының кепілі деп атап өтті. 
  


23.06.2017