Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.07.2019

«Бағытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асуын түсіндіру аясында көп балалы отбасылармен кездесу өтті


Алматы экономикалық колледжінде «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында Алмалы ауданының әкімі аппараты мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бірлесіп ауданның көпбалалы отбасыларымен кездесу өткізді.



Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде //uzh-almaty.kz Тұрғын үй саясаты басқармасының ресми интернет-ресурсында «Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді сатып алуға кредит беру» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарландырылды.
Осыған орай, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2019 жылдың 22 және 26 шілде аралығында Алматы қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «көпбалалы отбасы», «толық емес отбасы» және «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар» санаты бойынша тұратын азаматтардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.baqytty-otbasy.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес аймақтар мен санаттар бойынша лимиттер қарастырылған. 2019 жылы Алматы қаласына 2,6 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 1,3 млрд. Теңге тек көпбалалы отбасыларға кредит беру үшін бөлінген және толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға кредит беру үшін 1,3 млрд. теңге бөлінген. Осыған байланысты, тұрғын үйге мұқтаждардың бөлек тізімінің кезектілігі қағидаты бойыншакезекке тұрған күнге сәйкес 180 азамат алынады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша толық ақпарат беру мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» Жандосов көшесі, 47, (Алтынсарин көшесінің қиылысы) кеңес беру орталығына ашылды, байланыс телефондары: 303-64-65, 8-778-960-60-21, 8-747-475-38-45


23.07.2019