Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Алмалы ауданындабос орындар жәрмеңкесі өтті


«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы «Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бірлесе отырып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Азаматтарды бірыңғай қабыладу күні» республикалық акциясы аясында бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.



Акцияға Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриальды – инновациялық дамыту Басқармасы, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық және  Алмалы аудандық филиал өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын халыққа түсіндіру әрі жүзеге асыру, жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.
- «Дәл бүгінгідей бос орындар жәрмеңкесінің халық үшін зор әлеуметтік маңызы бар, себебі жәрмеңке  жұмыс іздеуші жандарға бірден көптеген жұмыс берушілермен кезігіп, өзіне қажетті мағлұмат алып, әңгімелесу мүмкіндігін береді. Бүгінгі жәрмеңкеге қатысқан мекемелерге  алғысымды білдіргім келеді», - деп айтып өтті «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Алтынбекқызы Ордабаева. 



Бос орындар жәрмеңкесінде 17 ірі және орта кәсіпорындар мен 5 оқу орталықтары бос орындарын ұсынды. Акцияға қатысқан кәсіпорындар әр түрлі саланы қамтыды:  «Эгида Дружина» ЖШС, «СИМ» ЖШС, «Цин Каз» ЖШС, «ЭКО» ЖШС, «Mercur Auto LTD» ЖШС, «SINOOIL» ЖШС,  «БТК групп» ЖШС,  «ХБК «Аксай НАН» ЖШС,  «Қазақстан» қонақ үйі, «Жаксылық» ЖК , «Ернар» ПИК,  «Айнабулак» ПК, «ЦПМС Кулагер», «№9 қалалық емхана», « ҚР фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы» және т.б.Жәрмеңке барысында 70-тен артық бос орындар ұсынылды, олар –менеджер, шағын март басқарушысы, кассир, оператор, күзет, мейірбике, дәрігер, мұғалім, аула сыпырушы және т.б. Бос орындар жәрмеңкесінде 80-нен астам жұмыс іздеуші адамдар болды.



Жұмыс беруші кәсіпорындар өз мекемелерінің жұмысымен таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу ұйымдастырып, жұмысқа қабылдау шарттарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында кәсіпорын қызметкерлерлері мен басшылары 50 шақты әңгімелесу өткізіп, жұмыссыз 10 азаматтың түйіндемесін алды. Және «Жұмыспен қамту орталығынан» 10-нан астам азаматтарға жұмысқа жіберу қағазы берілді.


23.08.2017