Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2019

Сотталғандарды жұмыспен қамту


Алматы қаласы Алмалы ауданы пробация қызметі бөлімінде бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлеріне тартылып, пробациялық бақылау белгіленіп сотталғандар саны, 2019 жылдың 8 айына - 251 адамды құрады. Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына 30 сотталғанның жеке бағдарламасы жолданылды. Қазіргі таңда олардың 6-уы жұмысқа орналастырылып, 3-еуі қайта даярлық курстарынан тегін өтіп, аспазшы, турагент мамандықтарын иеленді. 1 сотталған жұмысқа орналасуға жолдама алды.



Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44 бабына сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланады. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.
Алматы қаласы Алмалы ауданы пробация қызметі Алмалы ауданы әкімшілігінің коммуналды шаруашылық бөлімімен бірлесе отырып, қаламыздың көшелеріне тазалау жұмыстарын ұйымдастыруда. Тазалық жүргізуге ауданның пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған сотталғандар тартылуда.


23.09.2019