Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2019

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қатысуымен брифинг өтті


Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасы және тұрғындар өтініштерін шешу шаралары туралы айтты.
Аудан әкімі аудан тұрғындарынан түскен сұрақтар мен өтініштерді шешуге ерекше назар аударылатынын хабарлады.
Мысалы, Алматы әкімнің әлеуметтік желілеріне Алмалы ауданының тұрғындарынан 2078 өтініш түскен. Олардың 2043-і орындалды, 35-і жұмыс үстінде. Сұрақтардың басым көпшілігі коммуналды шаруашылық пен абаттандыруды қамтиды. Олар - аула ішін абаттандыру, ескі үйлерді сүру, жолдарды жөндеу, көше жарығы, арық желілерін тазарту, жасыл желекті санитарлық қию мен алып тастау.
Биылғы жылдың 28 тамызында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп, оның барысында 91 сұрақ қойылған еді, қазіргі кезде сауалдардың 28-і шешімін тапты, 46-ы түсіндірілді (17-і жұмыс үстінде).
Сұрақтардың басым бөлігі - тротуарлар мен жолдарды салу әрі жөндеу, қоғамдық көлік желісін дамыту және модернизациялау, бағдаршамдар орнату және жаяу жүргіншілердің өтпелі жолдарын көбейту арқылы жолдарда қауіпсіздікті арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруа және басқа мәселелер.
Соның ішінде, ауданның кейбір учаскелерінде қоғамдық көлік желісінің бағытына қатысты мәселелер шешілді. Мысалы, Гагарин даңғылынан Төле би көшесіне дейін баратын №212 автобустың бағыты ұзарды, мұнда 5 бекет павильондары бар.
Чайковский көшесі бойында (Бөгенбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысы) тротуар салу арқылы жаяу жүргінші мәселесі шешілді.
Шәріпов көшесі бойындағы инженерлік желілер реконструкцияланды және Желтоқсан мен Әйтеке би көшелері қиылысындағы ақаулар ретке келтірілді.
Шагабутдинов – Қабанбай батыр көшелері түйіскен жерге жаяу өтпелі жол жасалды, Панфилов көшесі бойына (Шевченко және Құрманғазы көшелерінің арасы) көлік қоюға тыйым салатын белгі, ал шағын көліктерді Құрманғазы көшесі бойына қою мүмкін екендігін көрсететін тиісті жол белгісі қойылды.
Бұлардан өзге, Бекқали Торғаев Алмалы ауданының негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы әңгімелеп берді.
Есепті кезең ішінде ауданның өндіріс орындары жалпы сомасы 104,7 млрд теңге болатын өнім шығарды. Өнімнің физикалық көлемінің индексі 106,1%-ды құрайды. Бөлшек тауар айналымы 389,7 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 126,1%. Көтерме тауар айналымы 1,6 трлн теңгеге жетті немесе 101%, өткен жылдың осы кезеңінде 1,5 трлн теңге болған еді.
Негізгі капитал инвестициясы 51,7 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123% (2018 ж. – 40,5 млрд теңге).
Аудан аумағында 861 аула бар. 2016-2018 жылдар аралығында 291 аула жөнделді, биылғы жылы 215 аула ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.
Жеке инвестицияны тарту есебінен биылғы жылы 9 учаске абаттандырылды, оларда балалар және спорт алаңдары бой көтерді.
Ауданда 5660 кв. м гүлзарлар отырғызылды, Абай даңғылы бойындағы (Манас көшесінің бұрышы) учаске абаттандырылды, мұнда 589 бірлікте бұтақтар отырғызылып, 4193 кв. м жер көгалдандырылды.
Жоспарланған 15 мың ағаштың 11,5 мыңына санитарлық қию жұмыстары жүргізілді, 160 апатты ағаш алынып тасталды. Көктем кезінде 1245 ағаш отырғызылған еді.
БЖ типтегі 1,3 км арық желісі реконструкцияланды, 8 өтпелі жолдар жасалды, ұзындығы 200 м. болатын ЛР-5 типтегі арық желілерінің науалары қойылуда.
Дат сәулетшісі Ян Гейлдің қағидасы негізінде Жібек Жолы, Байсейітова көшелері реконструкциялануда, Дүйсенов көшесін күрделі жөндеу аяқталды.


23.09.2019