Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2016

Алмалы ауданында аула клубтары арасында дзюдодан спорттық жарыс өтті


Алмалы ауданында Тұрғыт Озал көшесі, 71, үйінде орналасқан "Барыс" аула клубының спорттық залында Алматы қаласы мен Алматы облысы аула клубтарының қатысушы балалары арасында дзюдодан спорттық жарыс өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1- орынды Алматы қаласы Алмалы ауданының "Барыс" аула клубының қатысушы балалары, 2- орынды Алматы қаласы Жетісу ауданының "Ағайын" аула клубының балалары, ал, 3 –орынды өзара Алматы қаласы Алатау ауданының "Казмис" клубы мен Алматы облысы Іле ауданының "Водник" аула клубының балалары бөлісті.

Дарынды жастарымыздың барлығы да ұйымдастырушалардың қолынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.  Жалпы, жарысқа 14 команда және 94 бала белсене қатысты.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы комиссиясы, "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,  Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры,  Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты" МКҚК.


24.02.2016