Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.07.2015

Алмалы ауданы әкімі аппараты ауданның бүлдіршіндеріне фильм көрсетілімін ұйымдастырды


Алмалы ауданы әкімі аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның бүлдіршіндеріне арнап «Silk Way City» ССО орналасқан «Cinema» кинотеатрында «Человек-муравей» атты фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды.

Аталған фильмнің көрсетіліміне ауданның оқушылары, демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балалар шақырылды.

Кинофильмнің сюжеті Скотт Лэнг атты ұсақ алаяқтың жоғары технологиялы костюмінің айналасында өрбиді. Бұл киімді кигенде дене көлемінің қатты кішірейіп кететініне қарамастан, адамның күш-қуаты бойында сақталынады. Осы тылсым қасиетке ие костюмді ойлап шығарушы дарынды өнертапқыш Хэнк Пимның басшылығымен, Скотт өзінің ішкі батылдығы мен қайсарлығының ашылуына жол беріп, нағыз қаһарман ретінде көрініп, әлемді келе жатқан қатерден құтқару жолында ержүректілік танытады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстауға шықыру, жазғы демалыс уақыттарының тиімді өткізуін, олардың бойындағы отансүйгіштік, мәдениет сезімін арттыру болып табылады.

Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер қаламызда орналасқан кинотеатрларының қызықты жаңа көрсетілмдерін тамашалап, түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылады.

24.07.2015