Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.08.2015

Алмалы ауданының бүлдіршіндері Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына барды


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Біздің жазғы эстафета» және жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында ауданның оқушылары, демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балалар Ә.Қастеев атындағы мұражайдағы атақты қазақ, орыс және әлем суретшілері мен мүсіншілерінің еңбектерін тамашалап қайтты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің бойындағы отансүйгіштік және мәдениет сезімін арттыру болып табылады.

Іс-шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова қатысып, булдіршіндерге демалыстарының жақсы өтуін тіледі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында өткізілген аталмыш іс-шаралардың ерекше маңызға ие екендігін ескеру қажет. Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер Д.А.Қонаев атындағы және А.Байтұрсынов атындағы мұражайларды тамашалады.

24.08.2015