Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.12.2015

Алмалы ауданында № 54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясында «Панфиловшылар біз миллионбыз» атты еске алу Вахтасы өтті


«Панфиловшылар біз миллионбыз» атты Халықаралық еске алу Вахтасына ең алғашқылары бірі болып Алмалы ауданының білім беру мекемелері ат салысты.

Бұл еске алу Вахтасы 2015 жылы қазан айында Орынбор қаласында бастау алған. Одан соң еске алу Вахтасы Челябинск қаласында өтті. Ал желтоқсан айында Новосібір қаласында Халықаралық еске алу Вахтасының Рәміздері И. В. Панфиловтың немерелері Алуа және Айгүл Байқадамоваларға салтанатты түрде тапсырылды.

Бұл сәтті пайдалана отырып ер жүрек батырдың немерелері, еске алу Вахтасының мүшелеріне және жыйылған жұртшылыққа жылы лебізіндерін білдіре отырып, Ұлы Отан Соғысындағы әрбір батырға бас иетініндерін жеткізді.

Халықаралық еске алу Вахтасының Рәміздер шеруі Қазақстан, Ресей және Қырғызтанның көптеген қалаларында өтеді деп есептелуде. Еске алу Вахтасы 2016 жылдың күзінде  Қызыл әскердің Москва төңірегіндегі неміс әскерлеріне қарсы шабуылының 75 жылдығына орай Ресей астанасында аяқталады.

Шараны арнайы № 54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясында өткізу себебі, сол майданға алғашқы жауынгерлер болып дәл осы мектеп қабырғасының түлектері аттанған.

Аталған іс-шараға Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов, И. В. Панфиловтың немерелері Алуа және Айгүл Байқадамовалар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатысты.


24.12.2015