Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2017

Алматыда 2017 жылғы Қысқы универсиаданы қолдау мақсатында еріктілер флешмобы өткізілді


Алматыдағы «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиада еріктілері әсерлі флешмоб өткізді. Жүздеген адам латынның «U» әрпі түрінде сапқа тұрып, алда келе жатқан жарыстардың ұрандарын мәнерлеп оқып шықты.



Флешмобтың басты мақсаттарының бірі еріктілердің алда келе жатқан жарыстарға дайындығын көрсету болды. Алматыдағы Қысқы универсиадаға барлығы 3000 ерікті атсалысатын болады.


Еріктілердің басым көпшілігі Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан, алайда олардың арасында алыс және таяу шетелден келген азаматтар да бар.



«Біздің еріктілер - бірінші кезекте Универсиаданың атмосферасын жасайтын көңілі көтеріңкі адамдар. Еріктілеріміздің барлығы жайдары қыз-жігіттер және де қонақтарды қарсы алуға дайын екенін көрсеткіміз келді. Флешмобтар көмегімен біз еріктілер мен Универсиада айналасында осындай ерекше ортаны жасай аламыз. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар еріктілерді біріктіріп, командалық рухты көтереді», - деп атап өтті «2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ еріктілермен жұмыс жүргізу департаментінің басшысы Абылай Қондыбаев.



28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алматыда 29 қаңтардан бастап 8 ақпан аралығында өтеді. 


24.01.2017