Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2018

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өтті


Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №4 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.



Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.



Жасұлан Тоққожаұлы тұрғындар алдында ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп бере отырып, Алмалы ауданының былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 344,8 млрд. теңге көлемінде салық пен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз еткенін жеткізді. 



Қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – 103,4% құрады немесе 119,8 млрд.теңге, негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 120,8% немесе 85,6 млрд.теңгені құрады, құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі 109,9% немесе 30  млрд. тенгені құрады. Орташа айлық жалақы 184 316 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% жоғары. 4398 жұмыс орны құрылды (жоспардан 106,4%). Ауданда өнеркәсіп қарқынды дамуда. Өнеркәсіптің ең көне кәсіпорындары: Алматы ауыр машина жасау зауыты, ашытқы зауыты, «Бахус» АҚ, «EurasianFoodCorporation» және т.б. өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асырып, өндірісті жаңғыртуда. «2015 - 2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының» екінші бесжылдығы аясында инвестиция көлемі 7,3 млрд.теңгені құрайтын 3 компания қатысуда. («Алматы ашытқы жасау зауыты» АҚ, «MetalPromGroup» АҚ, «Сайман корпорациясы» ЖШС). «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына 35 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде 30 жоба – субсидиялау бойынша, жалпы сомасы 6,7 млрд. теңге, субсидиялау сомасы 1,2 млрд. теңгені құраса, жалпы сомасы 326 млн.теңгені құрайтын 5 кәсіпорын – кепілдік бойынша, «Даму» АҚ –33,4 млн.теңге кепілдік берілді. 851 жұмыс орны құрылды.


«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теңгені құрайтын жеңілдік несиесін алды. Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасап, салық түсімдерінің 60%-ын қамтамасыз етті. Ауданда қаңтар-қараша айлары аралығында 29 586 шағын және орта бизнес тіркелген (2016 жылы – 28 025).
Былтырғы жылдан бастап аудандарда инвестфорумдар өткізіле бастады. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Алмалы Инвест - 2017» атты II инвестициялық форумы өткізіліп, ауданның бизнес өкілдері үшін маңызды алаңға айналып, бизнестің дамуы үшін мақсатты әрі тиімді шешімдер қабылдауда рөлі өте зор болды. Ауданда жаңа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылуда.  Жалпы көлемі 96 468 ш.м. «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы ашылды. Тартылған инвестициялар сомасы 16 млрд. теңгені құрады, 100 жұмыс орнын ашу көзделуде.  



2018 жылдың 1 тоқсанында екі ірі нысанның ашылуы жоспарлануда: 
Жалпы көлемі 42 630 ш.м. «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені. Тартылған инвестициялар сомасы 15 млрд. теңгені құрап, 120-дан аса жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы көлемі 62 000 ш.м. «Кайсар Плаза» әкімшілік ғимараттары. Тартылған инвестициялар сомасы 17 млрд. теңгені құрап, 80-не аса жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ ауданымыздың экономикасын дамытудағы тағы бір бағыт ол  ақпараттық технологиялар. «Жібек жолы» сауда үйінде ақпараттық кварталы орналастырылатын болады. Бұл цифрлық экономика үшін ақпараттық технологиялардың зерттеу алаңына айналады деген сөз. Оның негізгі мақсаты – инновациялық ақпараттық технологиялар жүйесінде ұзақ мерзімді әрекеттер құру. 



Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Алмалы ауданының тұрғындары Жасұлан Тоққожаұлына өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.











24.01.2018