Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.05.2018

Аламалы ауданында әлеуметтік белгілі аурулар жайында жиналыс өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары  А.Бекжанованың төрағалық етуімен Алматы қаласы бас дәрігерінің қаулысына сай «Әр бір мекемеде санитарлық тазалықтың сақталуы сондай-ақ менингикокқа  қарсы  шаралар» және «менингококтық ауруы бойынша тұрақты іс-шаралар енгізу және ауруға қарсы шектеу қою» туралы жиналысы өтті.  Жиынға Алматы қаласы  Алмалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан сондай-ақ аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар қатысты.



Жиында  Алмалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидимиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Сүлейменова Сәуле баяндамасын оқыды. 





Қазақстан Республикасы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сондай-ақ  Денсаулық сақтау ведомствасы Министрлігінің  мәліметі бойынша 2018 жылдың  21 мамыры күні  жұқпалы аурулар жататын бөлімшелерге (жасөспірім және ересек) адамдар қатарынан 47 адам менингококтық жұқпа ретінде болуы мүмкін деп тіркелген. Тіркелгендер қатарында  8 жасөспірім болғаны белгілі болды. Алмалы ауданы бойынша жұқпалы аурулар бөлімшесіне тіркелгендер саны 3 адам. Сол тіркелгендер қатарында  1 адам менингикоктық аурулар қатарында делінген. Бүгінгі күні Алматы қаласы бас дәрігерінің қаулылары бойынша жұмыстар атақарылуда.



Менингикоктық жұқпа- өте жұқпалы аурулар қатарында  тіркеледі. Менингикок  ауруы ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактериялы жедел инфекциялық ауру. Ауру түрі көктем айында көбірек тарайды.


24.05.2018