Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.07.2017

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде «ЭКСПО 2017» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті


Дөңгелек үстелдің жұмысына бөлім басшысы Ералиева Гульмира және бөлімнің бас мамандары қатысты.



Осы дөңгелек үстел Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің 42-ші күнінде өтті. Гульмира Мұратқызы жиналған адамдарды құттықтады, ол осы Халықаралық мамандырылған көрме халықтың мол ықыласын ие болды және сөзсіз Казақстанның халықаралық имиджін көтеруге ұтымды әсерін тигізуде екенін атап көрсетті.



Бас маман Галиев Жантөре ЭКСПО халықаралық көрмелерді өткізу тарихы туралы баяндама жасады, сондай-ақ осы жылы өткізіліп отырған мамандырылған халықаралық көрменің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбын ашып сипаттауға бағытталғанын айтты, ұлттық және халықаралық павильондардың өздеріне тән ерекшеліктеріне тоқталды, көрме жұмыстары аяқталғаннан кейін ЭКСПО көрме қалашығы аумағында орналасқан ғимараттардың еліміздің игілігіне әрі де қалай тиімді пайдаланылуда болатыны жайында да айтып берді. Соңында жиналған адамдар Астанада қазіргі кезде көрмеде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы пікірлерімен алмасты және маусым айында ЭКСПО-да болып тамашалап келген қызметкеріміз Олжас Тұрганбаевтың әсерлі есебі мен фотосүреттерін құмарта талқылаумен аяқтады. 



Барлық жиналғандар осы «дөңгелек үстел» атаулы кездесудің нәтижесі бәрімізге пайдалы болғаны жөнінде пікірлерін білдірді. 


24.07.2017