Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.08.2016

Алмалы ауданында "Мектепке жол" атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр


Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай және «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында «Lumiera» miniplex» кинотеатрында Алмалы ауданы әкімі аппараты және Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Алматы қаласы маслихаты депутаты С.Амангелді ауданымыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арнап, «Тайная жизнь домашних животных» атты мультфильмінің көрсетілімі болды. 



Іс-шара барысында Сабина Бақытғалиқызы «Мектепке жол» жобасы аясында 40 бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке табыстады. Сонымен қатар оқушыларды жаңа оқу жылымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері құттықтады. 
Жобаның мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады.



Жобаның демеушілері: «Заңғар» АҚ,«Lumiera» miniplex кинотеатры; «Caspian Beverage Holding» АҚ «Настоящий Буратино» брендімен; «Занимательная Наука» ЖШС,«Шоу сумасшедшего профессора Николя» Алматы қаласының ғылыми-танымдық жобасы; «Юнилевер» компаниясымен «Инмарко» тауарлық маркасы. Аталған жоба әр жыл сайын тамыз айының 1 жұлдызынан 30-на дейін жүргізіледі. 
Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?!










24.08.2016