Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.08.2018

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының есеп беру -сайлау конференциясы өтті


Алмалы ауданы әкімінің аппаратының конференц залында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXIIIесеп беру - сайлау конференциясы болып өтті. 







Конференцияға  партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жасұлан Естенов; Алматы қалалық Мәслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық Кеңес төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры, «Алмалы – Тұран» бастауыш партия ұйымы төрағасы Рахман Алшанов; Алматы қалалық Мәслихат депутаты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасының кеңесшісі Артур Котенев; партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов және аудандық филиал бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.







Конференцияның күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар: 
1. Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмысы туралы есебі;
2. Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;
3. Партияның Алматы қалалық филиалының ХХІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы.



24.08.2018