Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.11.2016

«Діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу мәселелері» тақырыбында С. Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ- дің студенттерімен кездесу өтті


ҚазҰМУ-дың «Concordia» театрында «Діни экстремизмнің алдын-алу» бойынша кезекті кездесу 2-курс студенттерімен болып өтті. Кездесудің модераторы – Студенттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы Г. Акчина.



Кездесуде: «КТК» Жергілікті қоғамдық ұйымының қызметкері, «Алматы қ. әкімі жанындағы қоғамдық Кеңестің мүшесі, ҚР экстремизм және ланкестік мәселелерін зерттеу орталығының президенті заң ғылымының кандидаты, полиция қызметкері – Бишманов Какимжан Муратжанұлы: «Жаһандану жағдайындағы терроризм мен экстремизм»  тақырыбында пікірін айтып, кездесу барысында «Бюро расследований ТеррАД» атты видеофильм көрсетілді;  
Алматы қ. Дін істері басқармасына қарасты «Анықтау орталығының» жетекшісі – Құдайқұлов Тұрсын Таңатарұлы: «Деструктивті діни ағымдардың қызметі туралы » тақырыбында ой пікірін айтып студент жастармен бөлісті.



Кездесу «Студенттермен жұмыс басқармасының» ұйымдастыруымен өткізілді. Жалпы қатысушылардың  саны – 1000 адам, сонын ішінде факультеттердің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасарлары,  тьюторлар мен кураторлар. Қазіргі таңда, студент жастардың ойлау жүйесі мен ой ұшқырлығы тәуелсіз. Олардың қиын жағдайларда әлемдік дәстүрлі діни ұғымдарды ажырата білуі және діни ұйымдардан ақпараттандырылуы  үйлестіріліп отырады.
Сондай-ақ, бүгінгі күнде жастардың рухани және діни мәселелері жан дүниесінің бай болуын талап етеді. Бүгінгі 21-ші ғасырда интернет желісі арқылы жастарға ақыл мен жан дүниесінің арасында сызат түсуде. Ал, жан дүниемізбен ақылымызды қатар алып жүру санамызға ешбір қате ой салмау үшін жан дүниеміз әрдайым моральдық және рухани бағытта дұрыс шешім қабылдауымызға көмектеседі. Діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу мәселелері бойынша университетіміз Алматы қ. Дін істері басқармасына қарасты «Анықтау орталығының» қызметкерлерімен көптеген кездесулер бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жаңа оқу жылынан бастап ай сайын өткізіледі.


24.11.2016