Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.11.2017

«Екпеден бас тартушылармен жұмысты нығайту» атты тақырыпта семинар өткізілді


Алматы қаласы «Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында»  аудандық  медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері және бас дәрігердің орынбасарларының қатысуымен екпеден бас тартушылармен жұмысты нығайту  және жұқпалы ауруларға қарсы егілудің тұрғындар арасында тиімділігі  туралы дөңгелек үстел өткізілді. Д-4гелек үстелде Алмалы аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Сүлейменова С.Т.екпенің тиімділігі туралы мәләмдеді: «Екпемен басқарылатын жұқпалардың алдын алудың жалғыз әдісі – екпе егу.



Вакцинациялау жасанды иммунитет қалыптасуына себепші болады. Қазақстанда ағымдағы ғасырдың 14 жылында екпемен алдын алу арқасында сал ауруы жойылды, қызылша, қызамық, эпидпаротит аурулары төмендеді, бірнеше жыл көлемінде күл ауруы тіркелген жоқ. Алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне балаларды жоспарлы егуге гемофильді жұқпа мен пневмококкқа қарсы екпе енгізілді. Іс жүзінде барлық дұрыс егілген балалар мен ересектер жұқпалы аурулардан қорғалады, ал ауырған жағдайда ол жеңіл түрде асқынусыз өтеді».



Екпемен алдын алу міндеті – бұл жеке тұлғада арнайы иммунитетті қалыптастыру, сонымен қатар ұжымдық иммунитетті құру. Жоспарлы екпе тиімді. Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар егіледі. Соңғы жылдары жоспарлы екпенің арқасында қызылша ауруы он мыңдаған жағдайдан бір-екі жағдайға дейін төмендеді. Әрбір қосымша доза адам иммунитетін нығайтады. Сонымен, 2005 жылы қызылша ауруының тұтануының кезінде 16 мың жағдай тіркелген, тек жаппай қосымша екпе жүргізудің арқасында тоқтатылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде  медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға қарсы егу жүргізудің ұйымдастырылуына аса көңіл бөлінді.


24.11.2017