Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2016

Алмалы ауданында «Денсаулық күні» атты халықтық-ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты, Алматы қаламыздың 1000-жылдығына орай «Денсаулық күні» атты халықтық-ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Елбасының салауатты өмір салтын жүзеге асыруға арналған стратегиясын насихаттау мақсатында №5 Алматы полиграфиялық колледжінің  оқушылары арасында 22 спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт ойындарының дене қимылына ғана емес, сонымен бірге психологиялық әсері де зор. Ойындардың тәрбиелік жағынан алатын орны зор маңызды: біріншіден, адамның нерв жүйелерін шыңдайды; екіншіден, денесін түзеп, тән саулығына әкеледі, әрі дәлдікке, икемділікке баулиды; үшіншіден, зиянды әдеттерден (темекі шегу, арақ ішу, анаша тарту, есірткі сату немесе дәмін тату) сақтап, адамдардың жан саулығын қамтамасыз етеді. 

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы Халықтық – ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру денешынықтыру клубы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.


25.03.2016