Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.08.2015

Алмалы ауданында Әди Шәріповке арналған ескерткіш бой көтерді


Алмалы ауданында белгілі жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шәріповке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Жаңа мәдени нысан Бөгенбай және Шәріпов көшелерінің қиылысында бой көтерді.

Мәдени шараға қала әкімнің орынбасары Зәуреш Аманжолова, Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, мемлекет қайраткерлері жиналды.

Жазушы, филология ғылымының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген.

«Бүгін қазақтың қоғамдық өміріндегі ерекше күн. 20-шы ғасырда туып өскен, 20-шы ғасырдың туын асқақ көтерген, ұлт болып, іргеміздің бекуіне ерекше себеп болған қазақ елінің аяғынан қаз тұрып қанаттанып кетуіне ерен еңбек сіңірген тұлғалар баршылық. Соның ішінде өз жанының жомарттығымен, парасат-пайымымен, қаламының құдыретімен, азаматтық болмысымен ерекше еңбек еткен жандардың бірі - Әди Шәріпов. Ол әдебиетті биікке көтерген санаулылар бірі ғана емес, қоғамның рухани тіршілігіне, біліміне ерекше тер төккен тұлға болатын. Қуаныш құтты болсын! Әдекеңнің асқақ рухынан хабардар ететін осы ескерткіштің тұғыры ешқашан аласармасын!», - деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

«Құрметті жиналған қауым, алматылықтар, қала қонақтары. Атқарылар істердің бірі өнегелі өмірінде өшпес із қалдырған, ұлағатты тұлғаларды ұлықтау болса, бүгін сол жарасымды үрдістердің бірі - мемлекет қайраткері, ғалым, ҰОС ардагері Әди Шәріповтің құрметіне ескерткіш ашылып жатыр. Ол киелі Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Абай атындағы педагогикалық институтында білім алып, еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады. Сұрапыл соғыс басталған жылдары майданның бел ортасында Беларусь, Смоленск жерлерінде партизан отрядтарын басқарды. Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы тақырыбында бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. «Жақсының - аты, ғалымның - хаты өлмейді» демей ме, оның шығармалары ел жадында. Есімін халқы ешқашан ұмытпайды», - деді Зәуреш Аманжолова.

25.08.2015