Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.01.2017

Алмалы ауданында «Моана» мультипликациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арнап мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімін өткізді. 


Балалар «Chaplin MEGA Park» ультразаманауи кинотеатрында «The Walt Disney Company» студиясының жаңа көркем мультфильмін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Аталған мультфильмде ержүрек Моана, Тынық мұхитындағы аралдағы шағын тайпаның жауынгерінің қызы әр түрлі оқиғаларды бастан кешіруді армандап, қауіпті теңіз саяхатына шешуге бел байлайды. Үш мың жыл бұрын Полинезияның атақты теңізде жүзгіштері Тынық мұхитындағы көптеген аралдарды ашқан болатын. Алайда белгісіз себептерге байланысты олардың саяхаты ұзақ уақытқа тоқтатылған болатын.    



Мотунуи тайпасының жауынгерінің он алты жастағы батыр қызы Моананы оның тайпасына неліктен аралды айналып жатқан рифтен асып ешқайда жүзуге болмайтындығы мазалайды. Моана өз халқын теңізде жүзуге қайта оралуға көмектесуге бел байлайды. Мауи жартылай құдаймен бірігіп, ол ашық мұхитқа естен кетпес саяхатқа шығады. 



Батырларда алда өзгеше жаратылыс иелерімен, таңғажайыптар және көптеген оқиғалармен кездесу күтіп тұрған еді, ол қорқынышты құбыжықтармен кездесіп, ежелгі дуаны бұзуға тура келеді. 



Аталған шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ, олардың мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік  қасиеттерін дамытуға арналған.



Игі шараның ұйымдастырушылары: Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен  «MEGA Park Алматы» ОСО.


25.01.2017