Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2016

Ашық есік күні


Құқықтық  статистика және Қазақстан Республикасы Бас прокруратурасының арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы Алмалы ауданы әкімдігінде Ашық есік күнін өткізді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы мен Алмалы аудандық әкімдігінде Ашық күн есігі өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты Комитеттің ақпараттық жүйелерінің бірегейлігін жалпы халыққа түсіндіру.
Соңғы жылдарда өз дамуы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жаңа  кезеңге өтті. Іс-шара барысында  мемлекеттік басқаруды жетілдіру,  заңдылықты қамтамасыз ету және құқықтық тәртіп бойынша конструктивті ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерге ерекше көңіл бөлінген.  Ақпараттық жүйелердің келесідей түрлеріне жиналған барша қауымға Алматы қаласы бойынша басқарма қызметкерлері нақтырақ түсініктемелер берді: «ТСОБТ»,» «Е-штраф», «"Айкын" жобасы», «ЖКО электрондық картасы», «қылмыстық құқықбұзушлық картасы». 
1) Тексерістердің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ)  жобасының жүзеге асырылуы тұтынушылардың тауар және қызмет сапасына әсер ететін стандарттар мен нормаларды сақтауы туралы ақпаратты ұсына отырып тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасындағы кедергіні жоюға мүмкіндік береді. ТСОБТ сараптамалық мәліметтерінің негізінде бақылау және қадағалау органдары қызметкерлердің жүктемесін тиімді үлестіруге мүмкіндік алады. 
2) "Айкын" жобасы 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді. Оның мақсаты- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін нақты уақыт режимінде прокуратура органдарымен тұрақты әлеуметтік бақылау және қадағалау. 
3) Жол көлік оқиғаларының электрондық картасы елдің барлық жолдарын қамтиды, бүгінде жоба елдің барлық облыстық орталықтарын қамти отырып табысты қызмет етіп келеді. 
4) Қылмыстық құқықбұзушылық картасына қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәлімдемелер, олар бойынша қабылданған процессуалдық шешімдер, атқарылған іс-әрекеттер, қылмыстық өндіріс, қылмыстық процестің арыз иелері және қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі. 
5) Жыл сайын халық үшін қолжетімді әлеуметтік маңызды қызметтердің, бизнес қызметтерінің, төлемдер мен пайдалы қызметтердің саны артуда. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі бойынша құжат қабылдау мен нәтижелерді беру ХҚКО немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Портал арқылы мәліметтер алу үшін сандық электрондық қолтаңба қажет.
Келген қонақтармен қойылған сұрақтарға басқарма қызметкерлері толықтай жауап беріп, ҚР қолданыстағы заңнамалар аясында  түсініктеме берді, сонымен қатар, баршаның назарына аталмыш мерекеге байланысты түсірілген видео ұсынылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдар қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты.
Дәл осы күні Ашық күн есігі атты ұйымдастырылған іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өтті.
ЖОО студенттеріне Алматы қаласы бойынша басқарма басшысы Исаев Р.Н. өз сөзінде әрдайым қойылған талапқа сай қызмет атқаруға, күнделікті еңбектің нәтижесінде қойған мақсатқа жете білуге, маңдай алды прокурорлар санын көбейтуге шақырды. 
Іс-шара қатысушыларының алдында ішкі қауіпсіздік және кадр жұмысы бойынша аға прокуроры А.М. Жусупов болашақ заңгерлерге қадағалау саласындағы тәжірибиесімен, алған блімімен бөлісті.
Сонымен қатар, сөз кезегін өз баяндамасымен ұйымдастыру- бақылау жұмысы бойынша прокурор А.Ж. Оспанқұлова құқықтық статистика органдарының басты міндеттеріне аса көңіл бөле отырып жалғастырды.





25.04.2016