Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2017

«Жаппай дератизациялау» атты тақырыпта семинар-кеңес


Алматы қаласының аумағында жаппай дератизациялаудың көктемгі кезеңінің жүргізілуіне байланысты Алмалы ауданының Әкімінің аппаратында «Жаппай дератизациялау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.



Іс-шара Алмалы ауданының Әкімінің аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының, аудандағы пәтерлер иелігі кооперативтерінің төрағаларының, аудандық оқу бөлімінің басшысының,  ауданның алдын-алу емдеу мекемелерінің бас дәрігерінің қатысуымен жүргізілді.



Семинар-кеңесте Алматы қаласы дезинфекция орталығының залалсыздандыру бөлімінің дәрігері Б.Б.Өтегенов «Алматы қаласында  жаппай дератизациялаудың жүргізілу әдістері» және Алмалы ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы С.Т. Сүлейменова «Алматы қаласы, Алмалы ауданының аумағында  жүргізілетін жаппай дератизациялаудың сапалы және тиімді жүргізілуі»  туралы баяндама жасап, осы тақырыптың өзекті сұрақтары талқыланды.



Семинар-кеңеске қатысушылар нәтижесінде  жаппай дератизациялау туралы мағлұмат алды және бүкіл қала болып  жаппай дератизациялау жұмыстарының қажеттілігінен хабардар болды. 


25.04.2017