Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2019

Алмалы ауданында қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің аудандық «Алмалы Барысы» кезеңі өтті


Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық жарысының Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті.



Жарыстың ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +90 келі, яғни абсолюттік салмақ «Түйе палуан» категориясы бойынша өткізілді.



Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Бердіғали Мерей, 2-ші орынды Сахан Әбдіқасым, 3-ші орынды АйтбайАйбол иеленді. Жарыстың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Жарыстың құрметті әділ қазылар алқасы мен төрешілері: Бас төреші «қазақша күрес» және «самбо» күрестерінен спорт шеберіҰлттық дәрежедегі төреші Хамитов Жангелді,1-ші дәрежелі төрешілер Базарбаев Еркебұлан, Қаппаров Азиз төрешілік жасады. 


25.04.2019