Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2019

Алматы қаласы бойынша пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі


Алмалы ауданының Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығының ғимаратында Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен, «Нұрлы Бағдар» қоғамдық қоры Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрған, адамдарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. 
Бос орындар жәрмеңкесіне әртүрлі саладағы 35 жұмыс берушілер қатысты, олардың қатарында АЗТМ, "Helios"АҚС, «Кастинг» ЖШС Мыс балқытузауыты, «ОБИС» ЖШС, «Қазақтелеком» ӨТД, «Қазақстан» қонақ үйі, «Қағанат» ЖШС, «Fasility Management Group» ЖШС және басқалар. Жұмыс іздеушілер үшін 250 бос жұмыс орындары ұсынылды, оларға: байланыс орталықтарының операторлары, консьерж, диспетчерлер, әкімшілер, жүргізуші-экспедиторлар, төгілген төсемдегі механиктер, токарь, электриктер, техникалық қызметшілер, аула сыпырушылар, жүк тасушылар.
Жұмыс берушілер өздерінің бос орындарын ұсынды, өтініш берушілерден сұхбаттар алды, жұмыспен қамту жағдайлары туралы айтып берді, жеке деректерді жазды.Бұдан басқа, жәрмеңкеде «Нұрлы Бағдар» қоғамдық қорының мамандары психологиялық және заңгерлік кеңестерін ұсынды, ал Алмалы аудандық медициналық бірлестігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) туралы түсіндіру өткізілді.   
Жұмыс іздестіру барысында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне пробация қызметкерлері ретінде тіркелген 261 адам келді.
Осы іс-шараның нәтижесінде тұрақты жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен әңгімелесуге 70 жолдама берілді.
Бос орындар жәрмеңкесінде Алматы қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің басшысы подполковник Мұрат Әкімбайұлы Зәкірбаев пен Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының тұрақты жұмыс орындары бөлімінің басшысы Ғабит Мұхтарұлы Селеубаев Алматы қаласы бойынша пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып берді.    Бұл іс-шараның мақсаты - жаңа әлеуметтік рөлдерді дамыту, бұрынғы жеке және іскери байланыстарды қалпына келтіру, сондай-ақ бұл азаматтарды заңға қайшы жолмен қайтаруға кедергі келтіретін жағымсыз факторларды бейтараптандыру болып табылады.


25.04.2019