Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018

Алмалы ауданында қарт адамдарға арналған компьютерлік курстар ашылды


Алмалы ауданында А.П. Чехов атындағы орталық кітапханасының  іргесінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарттарға арналған компьютерлік курстар жұмыс істей бастады.



Бұл бағдарлама Алмалы ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен және аудандық Ардагерлер кеңесі, «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының қатысуымен аудан ардагерлері мен қарттардың қарым-қатынас шеңберін кеңейтіп, компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында әзірленді. 





Сонымен қатар, «E & Y Kazakhstan» және «Старость в радость Казахстан» қоғамдық қорларының қолдауымен кеңсеге қажетті компьютерлер толық қамтамасыз етілді.
Бірінші топ 10 адамнан тұрады, тренингті «Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесі, соғыс ардагерлері мен балалары» Қоғамдық қорының еріктілері жүзеге асырады.



Сабақтар аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-де өткізіледі, курсқа мына байланыс номерлері арқылы жазылуға болады:      261-51-20,  272-79-12.


25.06.2018