Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2017

Алмалы ауданында мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында, Қазақстан халықтары Ассамблеясы және филиал өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. 



Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, Алматы қалалық мәслихат депутаты, ҚХА мүшесі Сабина Амангелді, «Ұйғыр авази» атты қоғамдық-саяси газетінің бас редакторыЕршат Асметов, «АлМед» медициналық орталығының бас дәрігері Аслан Байзаханов, ҚХА мүшесі, корей этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Георгий Кан, Қалалық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Алмат Қодасбаев, Алмалы ауданы әкімінің жергілікті басқару сұрақтары бойынша координаторы Құсман Шалабаев қатысты.



«Біздің қоғамымыз дамудың үлкен кезеңінде тұр. Бүгін біз қоғамдық сананы жаңғырту мен тіл туралы мәселені қозғаймыз. Қазіргі таңда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі елімізге қажетті, сол себепті, бізге қоғамдық жаңғыртудың маңыздылығы мен бар жауапкершілікті сезініп, бүгінгі күнде біз тарихты құрап жатқынымызды түсінуіміз қажет», - деп атап өтті тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан. 



Дөңгелек үстел қатысушылары Елбасының мақаласын толығымен талқыға салды, нәтижесінде «қазақ әліпбиінің латынға көшуі айтарлықтай қиындық туғызбау керек, себебі бұл әліпби халыққа бұрыннан таныс» деген пікірлер білдірілді. 


25.09.2017