Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.10.2017

Алмалы ауданында халықаралық қарттар күніне арналған қалалық спартакида өтті


Осы орайда, «Қарттар айлығын» жалғастыру мақсатында  Алматы қалалық ардагерлер кеңесі, Республикалық ұлттық спорт түрлері клубымен және «Динамо» спорт орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының аудандарында зейнеткерлер арасында Спартакиада өткізілді.



Спратакиада жарысында әйелдер мен ерлер командалары болды және әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды, мәселен:  жүгіру, қашықта допты лақтырып алу, қашықтыққа секіру, басу, арқанмен секіру.



Ерлер мен әйелдер үшін әрбір жарыстың жеке көрсеткіштері анықталды.
Спартакиадаға 120-дан астам зейнеткер қатысты, ал жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барлық жастағы азаматтардың өмірін жақсартуға және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.



Алмалы ауданында 36348 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 87 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 3359 тыл еңбеккерлері, 511 үй ішінде көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз ілікті зейнеткерлер. 
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімшілігі жыл сайынғы Қарттар айын өткізуге, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетуге және қарттардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы орнын дәріптеуді насихаттауға бағытталған, іс-шаралар жүргізілуде. 
Ерекше көңіл қарттардың денсаулығына бөлінеді. Сол себепті жыл сайын ауданның денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып «Ашық есік» күндері өткізілуде, үй ішінде медициналық тексерулер ұйымдастырылып, мұқтаж жандар санаторияларға емделуге жіберілуде. 



500-ден астам жалғыз басты және жалғыз ілікті зейнеткерлерге үй ішінде көмек көрсетіліп жатыр. Аталған бағыттағы іс-шаралар қазан айы бойы жүргізіледі.












25.10.2017