Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.10.2019

Әлеуметтік қызметкер күні


Алмалы ауданында әлеуметтік сала қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтті. Аудан әкімі әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқан үздік қызметкерлерді адал еңбегі үшін құттықтай отырып, алғыс хатпен марапаттады.



Алмалы ауданының әкімі Б.Торғаев әлеуметтік қызметкерлерді құттықтай отырып, әлеуметтік сала жүйесінде ерекше адамдар қызмет атқаратын – қызметіне немқұрайлы қарамайтын, өз жұмысын ресми емес, бүкіл өмірінің кәсібі ретінде қабылдайтын адамдар жұмыс жасайтытын атап өтті. 



Өз істеріне деген адалдық, тәжірибелері мен кәсіби шеберліктерін күнделікті жұмыстарында пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмысты жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға да күш жұмсап жүрген мамандық иелері.
Ұлт мүддесі үшін қажымай еңбек етіп, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін. Қол жеткен асуларыңыз асқақ, шыққан биіктеріңіз баянды болсын.


25.10.2019