Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.11.2016

Әйел және отбасылық құндылық


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты  мен ҚазМемҚызПУ-ң Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Әйел және отбасылық құндылық» тақырыбында семинар болып өтті.



Семинарда университеттің зерттеуші ғалымдары, әкімшілік қызметкерлері, Алматы қаласы емханаларының психологтары, студенттер қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – қазіргі замандағы отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлін нығайту, жастарды үздік отбасы болуға даярлау. Семинарда  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің осы мәселе бойынша арнайы зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдары баяндамалар жасады. 



Қодар Зәмзә Мүташқызы өз сөзінде: «Неке және отбасы түсінігіне тоқтала отырып, отбасының әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім өйткені,отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – қоғамның  дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді. Отбасы – қоғамның маңызды әлеметтік институты, оның құрамындағы адамды реподуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырату қажет» деп ойын білдіріп, одан бөлек, отбасында орын алатын дағдарыс кезеңдері жөнінде бірқатар мәліметтерді айтты.

 

Куласбекова Айгерим Нурлановна зорлық – зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қорғау жұмыстарының инспекторы, полиция лейтенанты – Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындап өтті.



Семинар барысында аудандағы гендерлік саясатты жетілдіруге қатысты, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелері  бойынша бірқатар мәселелер көтеріліп, қатысушылар өз ойларын білдіріп, ұсыныстар жасалынды. 






25.11.2016