Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2017

Алматы әкімінің жаңа жылдық шыршасына 1700-ден астам бала қатысты


Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласының әкімі атынан жаңа жылдық шырша өтіп, оған 1700–ден астам бала – оқу озаттары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен отбасылар балалары мен мүмкіндігі шектеулі балдырғандар қатысты. Кішкентай қалалықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтау үшін мерекелік шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек келді.



«Біз үнемі жас алматылықтардың жетістіктері туралы үлкен мақтанышпен айтамыз. Сендер жыл сайын халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында үлкен марапаттарға ие болып келесіңдер. Тек 2017 жылдың өзінде ғана алматылық оқушылар 61 алтын, 76 күміс, 90 қола медальдарды жеңіп алды. Мемлекет өз кезегінде сендерге үнемі қамқорлық көрсетуде, үздік білім алып, жан- жақты жетіліп өсу үшін барлық жағдайларды жасауда. Осының барлығы сендердің ақылды, денсаулығы мықты ұрпақ болып қана қоймай, Қазақстанды сүюге, оны әлемге танытуларыңа ықпал етеді, ал біз сендер үшін мақтанатын боламыз. Мен бүгін сендерге жүректерінің жылуын ұсынып, мерекелік концертке қатысқан барлық кішкентай артистерге алғыс айтамын», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Бауыржан Байбек Данэлия Тулешованы украиндық «Голос. Діти» шоуындағы жеңісімен құттықтады.



«Әр баланың жетістігі - бұл барша еліміздің жетістігі. Данэлия, барлық қазақстандықтар сен үшін мақтанады. Саған зор табыстар тілеймін, дарынды баладан әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуыңа тілектеспін. Мен сенің анаң Еленаны да құттықтаймын. Әр бала жеңісінің артында ата - аналардың, әсіресе оның анасының зор еңбегі тұрады», - деді Бауыржан Байбек.
Балалар үшін «Жаңа жылдық ғажайыптар» деп аталатын мерекелік бағдарламаны цирк артистері дайындады, лазер шоуының жарығымен үйретілген аңдар, акробаттар, жонглерлер, клоундар және басқалары өнер көрсетті.
Мерекелік шара барысында қала әкімінің атынан кішкентай қонақтарға сыйлықтар, соның ішінде ата- аналары балаларын бақылап отыратын электронды жүйедегі GPS-сағаттар, кеңсе тауарлары, даму ойындары, жұмсақ ойыншықтар, граттаж бен суретшілер үшін жиынтықтар, тәтті сыйлықтар және басқалары тапсырылды.


25.12.2017