2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.01.2015

№4 кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Нұрлы жол – болашаққа жарқын жол» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды


Елбасы Жолдауы – мәңгілік Қазақ Елінің болашақтағы дамуының Жаңа Экономикалық Саясатын анықтап берген стратегиялық маңызы зор құжат, жарқын болашағымыздың бағыт-бағдары болып табылады. Елбасы 2015 жылды – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы екенін атап көрсетті. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Міне осыған орай, дөңгелек үстелге Орталық және қалалық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссияның төрайымы Рамазанова Бижамал Рамазанқызы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жақангер Жанасов, Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Хадиша Сатыбалдина, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Касимов Қазақбай Таштемирұлы, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ахмадулла Восток, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының саяси Кеңесінің мүшесі, қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымының төрағасы Данат Жанатаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Экономика институтының ғылыми қызметкері Айдар Сұлтанаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты Ержан Мырзатаев қатысты. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Алматы қаласының барлық аудандарының Ардагерлер Кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары, Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің алғы сөзін «Нұрлы болашақ жолында» атты баяндамамен профессор Данат Жанатаев ашып берді. «Мәңгілік Ел: алдағы тарихи міндеттер» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Қадыржанұлы Шашаев баяндама жасап, Қазақ Елінің тарихы бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы, Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи құнды мәліметтер айтты. Бүгінгі жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы туралы Бижамал Рамазанқызы Рамазанова ой бөлісті. Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Жақангер Жанасов ағамыз Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевпен бірге Берлинге дейін барып, шайқасқан сұрапыл отты жылдар туралы, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі туралы тебірене естеліктерімен ой бөлісті.

Жастарды Отанын, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін әрқашан мәңгі есте сақтап, бүгінгі Тәуелсіз елімізді өркендету жолында сапалы білім алып, білікті маман болып, аянбай еңбек етуге шақырды. Елбасы Жолдауында көрсеткен индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін елімізге керекті техникалық мамандықтарды игеріп, жастарды өндіріске барып қызмет атқаруға шақырды. Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Бүгінде елімізде барша этнос өкілдері қазақ ұлтымен татулықта өмір сүруде. Тегі бөлек болғанымен тілегі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір тұтас халық құралды. Бұл туралы Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қазақбай Касимов пен Ахматулла Восток «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл» тақырыбында ой бөлісіп, Елбасының бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында жүргізіп отырған қажырлы еңбегі, сарабдал саясаты туралы, бүгінде бүкіл әлемге танымал болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, Ассамблея жылы аясында ұйымдастырылатын мәдени шаралармен таныстырып өтті.

26.01.2015